Абу Дабидің Тақ мұрагері Қазақстанға ресми сапармен келді

primeminister.kz

Елге Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян ресми сапармен келді. Сапар аясында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелері талқыланбақ.

Біріккен Араб Әмірліктері – еліміздің араб әлеміндегі негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Тиісінше қос мемлекеттің басшылығы тауар айналымын 1 миллиард долларға ұлғайту жөнінде бірлескен шаралар қабылдап жатыр.