Тақ мұрагерінің ресми сапары: он бағытты қамтитын құжат алмасу өтті
Президент пен Абу Даби Тақ мұрагерінің келіссөзінен кейін 10 бағытты қамтитын құжат алмасу рәсімі өтті.
Соның бірі көлік саласындағы келісім. Екі елдің әділет министрлігі арасында да ынтымақ орнады. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қатарынан үш меморандумға қол жеткізді. Алғашқысы Masdar компаниясы Қазақстанда 2 мың МВт-қа дейін қуат сақтау жүйесі және 500 МВт-қа дейін тәуліктік энергиямен қамту жобаларын әзірлеуге бейіл екендігін растады. Ал AIQ компаниясымен бізде мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялау бойынша стратегиялық келісім бекітілді. Тағы Abu Dhabi Commercial Bank-пен өзара түсіністік және ынтымақ туралы меморандум орнады. Бұдан бөлек суперкомпьютер кластерін құру жөнінде де уағдаластық бар. «ҚазМұнайГаз» компаниясы мен Abu Dhabi Ports Group сауда флотын кеңейтуге келісті. Ал Абу Даби даму қоры Түркістанда шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян атындағы перзентхана құрылысын салып әрі қаржыландыратын болды. Сондай-ақ тараптар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мен оған іргелес аумақты дамыту үшін инвестиция салуға да келісті.