Биыл елімізде 3,9 млн оқушы жазғы демалысқа шығады
Биыл оқу жылын 4 миллионға жуық оқушы аяқтайды, деп хабарлайды 24kz.
Оның 391 мыңы бастауышпен, ал 217 мыңы мектеппен қоштасады. Бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі осы бағыттағы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.