Мемлекет басшысы Минск қаласына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Минск қаласына барды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына және Еуразиялық экономикалық форумға қатысу үшін Минск қаласына келді», - делінген хабарламада.