Қ.Тоқаев пен В. Путин телефон арқылы сөйлесті
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа таяуда Мәскеуде АҚШ Президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді.
Ресей басшысы Президентпен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты ынтымақтастықты дамытудың, бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ АҚШ Президентінің арнаулы өкілі Стив Уиткоффпен кездесудің негізгі нәтижелерімен бөлісті. Тағы тараптар алдағы жоғары деңгейде өтетін екі жақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесін қарастырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Владимир Путин, РФ Президенті