Мемлекет басшысы Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қазақстан Президенті Украина президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Зеленскийді Украинаның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, украин халқына бейбітшілік және құт-береке тіледі.