Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы аясындағы жалпы дебатта сөз сөйлейді
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді, деп хабарлайды 24kz.
Біз бұл сәтті Астана уақытымен сағат 23:00 шамасында тікелей эфирде көрсетеміз. Сонымен қатар Jibek Joly арнасы мен Ақорданың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан да тамашалай аласыздар.