«Хабар» телеарнасы бүгіннен бастап еурокубок матчтарын көрсетеді

фото: wikipedia

24 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасы УЕФА клубтық турнирін тікелей эфирде көрсетеді. Жанкүйерлер Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасының кездесулерін телеарнадан және Khabar.kz сайтынан онлайн тамашалай алады, деп хабарлайды 24KZ.

Тікелей көрсетілім Чемпиондар лигасының бесінші турындағы матчтардан басталады. Одан кейін Еуропа лигасының кездесулері көрсетіледі. Телеарна жариялаған кестеге сәйкес, алдағы кездесулердің уақыты мынадай:

Чемпиондар лигасы:

  • 24 қараша, 22:45 — «Галатасарай» – «Астон Вилла»;
  • 25 қараша, 01:00 — «Манчестер Сити» – «Наполи»;
  • 25 қараша, 22:45 — «Славия» – «Вильярреал»;
  • 26 қараша, 01:00 — «Интер» – «Штутгарт».

Еуропа лигасы:

  • 26 қараша, 22:45 — «Сельта» – «Борнмут»;
  • 27 қараша, 01:00 — «Спарта Прага» – «АЗ Алкмаар».

Матчтарды қазақ тілінде белгілі спорт комментаторлары Есей Жеңісұлы, Жандос Айтбайұлы, Ернұр Дүйсенғазы және Еламан Әмірғазы, ал орыс тілінде Дмитрий Нестеренко, Ербол Қайыров және Санжар Ақатаев жүргізеді.

Жанкүйерлер кездесулерді «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде немесе Khabar.kz сайтынан онлайн көре алады.

Сондай-ақ оқыңыз: