Қ. Тоқаев Италия президентін Ақордада қарсы алды

akorda.kz

Дәл қазір елге ресми сапармен келген Италия президенті Серджо Маттарелланы Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімін назарларыңызға ұсынамыз.

Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды.