Елордада қар ұшқындады

Елде күн суытып келеді. Елордада бүгін қар ұшқындап тұр. Күндіз 4-6 градус шамасында жылы, түнде тұман түсіп, сынап бағаны 3 градусқа төмендейді.

Бұл туралы "Қазгидромет" орталығы хабарлады. Алматыда күн бұлтты, жауын жаууы мүмкін. Ауа температурасы түнде 13–15 градусқа дейін суытады. Күндіз 21-23 градус жылы. Шымкентте де осындай күн райы сақталады.