Мажарстан президенті ресми сапармен келеді

akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 қазан күндері Астанаға Мажарстан президенті Тамаш Шуйок ресми сапармен келеді.

Сапар аясында президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок Digital Bridge 2025 халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысады.