Президент ОПЕК Бас хатшысын қабылдады

Мемлекет басшысы ОПЕК бас хатшысы Хайтам әл-Гаиспен кездесті.

Тараптар мұнай нарығының қазіргі жағдайын мен ынтымақтастық жайын талқылады. Президент ОПЕК-тің нарық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмысына жоғары баға берді. Сондай-ақ ол бас хатшының сапарын Қазақстан мен ұйым арасындағы диалогты дамытудағы маңызды қадам деп атады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, еліміз ұлттық мүддені ескере отырып, мұнай өндіру көлемін біртіндеп арттыру жөніндегі ОПЕК+ шешімін қолдайды. Кездесуде өңірдегі энергетикалық жүйенің орнықтылығы және мұнай өндіруші мен тұтынушы елдердің мүдделер теңгерімі сөз болды.