Қ. Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогын таққа отыруымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің жаңа Ұлы Герцогы Гийомды таққа отыруымен құттықтап, жеделхат жолдады.
Хабарлама Ақорданың телеграмм парақшасында жарияланды.
– Қазақстан Люксембургпен өзара құрметке негізделген ұзақ мерзімді серіктестікті жоғары бағалайды. Сізбен осы нәтижелі ынтымақтастықты одан әрі нығайтатынымызға сенім білдіремін, – делінген жеделхатта. Сондай-ақ Президент Жоғары Мәртебелі Король Анридің Ұлы Герцог ретінде атқарған жауапты мемлекеттік қызметін аяқтауына байланысты ілтипат білдіріп, тілектестігін жеткізді.