Президент Мәжіліс Төрағасын қабылдады
Мәжіліс бүгінде 15 заң қабылдап, Сенатқа жолдады.
Қазір депутаттардың қарауында тағы 77 заң жобасы жатыр. Бұл туралы Президенттің қабыладуында болған Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Айтуынша, жыл соңына дейін Құрылыс, Цифрлық кодекстер мен «Банк қызметі туралы» құжаттарды қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ сайлау, тұтынушылардың құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу секілді заң жобаларына қатысты жұмыс жүргізілуде. Одан бөлек Ақтауда мұнай-газ саласындағы машина жасау ісін дамыту форумы өткені хабарланды. Бұл отырыста мұнай-газ секторындағы сатып алуларда қазақстандық үлесті жүйелі түрде арттыру жайлы шешім қабылданды. Мәжіліс төрағасы бұл жұмыс депуттардың ұдайы бақылауында болатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ерлан Қошанов парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыс жайында мәлімет берді.