Мемлекет басшысы Австрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2025 жылғы 26 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Австрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады. 

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. 

Сонымен қатар екі жақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.