Мемлекет басшысы Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидке, елдің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. 

Мемлекет басшысы Оман Сұлтанының Қазақстанға жуырда жасаған тарихи сапарын еске алып, оның нәтижелері, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ықпал ететінін атап өтті. Президент Сұлтанға мемлекеттік қызметінде табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: