Түркістан облысында көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылды

Шәуілдірде 3 қабатты көппәтерлі үйде газ жарылды. Жарылыстың күштілігі сондай үйдің бетон қабырғалары құлап, төбесі ортасына түскен.

Көрші пәтерлердің де нобайы тұр демесеңіз,  сау тамтығы қалмаған. Ең бастысы тұрғындар аман. Бір адам зардап шеккен. Түркістан облысының Отырар ауданына қарасты бұл ауылдағы оқиға түнде болған. «Qazaq-Gaz Aimaq»АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылысқа ауыл тұрғынының газбен жабдықтау жүйесіне өз бетінше қосылуы себеп. Қазір бұл үйге газ беру тоқтатылып, желілерге тексеріс жүргізіліп жатыр.