Қ.Тоқаев Г.Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Бұл Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, — делінген құттықтауда.