Қ. Тоқаев ЕО-ның Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілін қабылдады

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Еуропа Одағының Орталық Азия жөніндегі арнайы өкілі Эдуардс Стипрайсты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат танытып, Қазақстанның негізгі әрі сенімді серіктестерінің бірі Еуропа Одағымен көпжоспарлы ықпалдастықты одан әрі нығайту маңызды екенін атап өтті. 

🟦Президент осыдан 10 жыл бұрын қабылданған кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық жөніндегі келісім екі жақты-қарым-қатынастың айтулы кезеңі деп санайды.

🟦Мемлекет басшысы Орталық Азия елдері мен Еуропа Одағы арасындағы белсенді және конструктивті диалогқа жоғары баға берді.

🟦Эдуардс Стипрайс Еуропа Одағы Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін мәлімдеп, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі ықпалдастықтың қарқыны арта беретініне сенім білдірді.


t.me/aqorda_resmi