Қазақстанға $155 млрд шетелдік инвестиция тартылды
155 млрд АҚШ доллары. Бұл кейінгі 7 жылда елімізге тартылған инвестиция көлемі. Қомақты қаржының басым бөлігі өңдеу өнеркәсібі, байланыс және химия салаларын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды 24KZ.
Былтыр ел экономикасына сырттан 20,5 млрд доллар қаражат салынды. Жыл ішіндегі өсім 14,5 пайыз. Қазақстанға қаржы құюға құмбыл елдердің көшінде Нидерланд, Ресей, Қытай, АҚШ, Швейцария мен Франция тұр.
Сондай-ақ БАӘ, Қатар мен Сингапурдан келетін инвестиция көлемі жылдан жылға артып келеді. Ал БҰҰ-ның ЭСКАТО зерттеуіне сүйенсек жаңа жобаларды жүзеге асыруға былтыр
19 млрд доллар шетел ақшасы жұмсалған. Осылайша, тікелей инвестиция тарту бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші ел мәртебесін нығайтып отыр.