Қ. Тоқаев Албания президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайды Албания Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.
Президент хатта екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынастың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Байрам Бегайдың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал албан халқына құт-береке тіледі.