Қ. Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті ДЕ қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Ұйымның Қазақстан шахмат федерациясына, жаттықтырушылар мен жас спортшыларға көрсеткен қолдауын жоғары бағалап, Аркадий Дворковичті ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Сондай-ақ жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту, халықаралық жарыстар өткізу мен бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері пысықталды. Қазақстанда қабылданған шахматты дамытуға арналған Кешенді жоспардың маңызы туралы айтылды. Аталған құжат мемлекет, бизнес және ұлттық федерацияның бірлесіп жұмыс істеуіне жол ашады.