Президент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

t.me/aqorda_resmi

Президент «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады.

Мемлекет басшысына Қордың биыл атқарған жұмысының нәтижелері туралы мәлімет берілді. 

Нұрлан Жақыпов:

Қор тобының инвестициялық портфелінде жалпы сомасы 53 триллион теңге болатын 130-ға жуық жоба бар екенін айтты. 

✔️Соның ішінде осы жылы CASPI BITUM зауытының қуатын арттыру, 50 МВт-тық күн электр стансасы және Кендірлі елді мекенінде су тұшытатын зауыт салу жобалары жүзеге асырылды.

✔️Жыл соңына дейін 1,1 триллион теңгеге 9 ірі жобаны аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жетісу облысындағы 84 елді мекенге көгілдір отын жеткізетін Талдықорған – Үшарал магистральді газ құбырының, Ақтаудағы контейнер хабы мен Алматыдағы Zhetysu логистикалық терминалының, сондай-ақ Sany Re компаниясымен бірлесе жел генераторларына арналған қондырғылар шығаратын зауыттың іске қосылғаны жөнінде мәлімет берді.

✔️Биыл он айда «Самұрық-Энерго» АҚ сағатына 31 миллиард кВт электр энергиясын өндірді. Бұл Қазақстандағы жалпы өндірістің 31 пайызын құрайды. «Самұрық-Энерго» АҚ құрамына кіретін электр стансаларының қуаты 7845 МВт-қа жетті.

✔️2023-2025 жылдар аралығында әлеуметтік жобаларды қолдауға және қайырымдылық шараларына 1,5 триллион теңге бөлінген. Бұл қаржы медициналық нысандарға, сондай-ақ 55 оңалту орталығының, 31 инклюзия кабинетінің, 18 спорт кешенінің, мәдени және білім беру мекемелерінің құрылысына жұмсалды.

✔️«Таза Қазақстан» бастамасы аясында 5,8 миллион түп тал егілді.
 
«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының отандық бизнесті өркендетуге қатысты бастамалары туралы баяндады. 

Мемлекет басшысы:

📌Қор жұмысының тиімділігін арттыру, инвестициялық жобаларды сапалы іске асыру және ұлттық активтердің ұзақ мерзімді орнықты дамуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.


t.me/aqorda_resmi