Мемлекет басшысы әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді
Президент әскери және құқықтық тәртіп мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Жиында Бас прокурор Берік Асылов, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов баяндама жасады. Президентке әскери және құқықтық тәртіпті сақтау шаралары, сондай-ақ әскерилер арасында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары туралы мәлімет берілді. Мұнымен қоса әскердегі құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары басшылары қызметінің түрлі аспектілері қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіпті одан әрі қамтамасыз етуге нақты тапсырмалар берді.