Қ. Тоқаев В. Путинмен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург қаласында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті.
Мемлекет басшысы Жаңа жыл қарсаңында дәстүрге айналған Петербургтегі кездесудің мазмұнды өткенін атап өтті. "Біз Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты бірқатар мәселені қарастырып, шешімдер қабылдадық. ТМД форматы аясындағы ықпалдастықтың аса маңызды, өзекті мәселелері талқыланды, - деді Президент. Сонымен қатар мемлекет басшысы ынтымақтастықтың биыл табысты болғанына тоқталды. Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстан және Ресей арасындағы өзара байланыстардың басым бағыттарын дамыту үшін арнайы кездескеніне қуанышты екенін білдірді. "Менің ойымша, барлық сала оң қарқынмен алға ілгерілеп келеді, деді Владимир Путин.