Президент бірқатар заңға қол қойды

Ақорданың баспасөз орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар заңға қол қойғанын хабарлады. 

Олар:

- «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

- «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

- «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.