Еліміздің басым бөлігінде жер көктайғақ болып тұр

Астанада жаңбыр сіркіреп тұр.

Жапалақтап жауған қардан тазарып үлгірмеген жолдардың бетінде су жүріп, астына мұз қатып жатыр. Көктайғақ. Бүгін елорда ғана емес, елдің басым бөлігінде осындай жағдай. Арқа өңірінен бөлек солтүстік, шығыс өңірлерде күн күрт жылыды. Сынап бағаны 0 градусқа дейін төмендеді. Ал оңтүстікте 5–15 градусқа дейін жылиды. Қазгидрометттің хабарлауынша, Ақмола, Павлодар, Қарағанды  және Ұлытау облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласады. Жетісуда жел үдеп, екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.