Қызылордада V Ұлттық құрылтай басталады

Бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтайдың секция отырыстары басталады.

Шаһарда жиын алдындағы дайындық қызу. Ордалы отырыс қарсаңында қарбалас күшейіп, қатысушылар соңғы әзірлігін пысықтап жатыр. Ордалы отырыстың алғашқы күнінде 4 секция отырысы өтеді. Түске дейін құрылтай мүшелері «Әлеуметтік-мәдени даму» мен «Білім және ғылым» тақырыбын талқылайды. Елдің түкпір-түкпірінен келген азаматтардың ұсынысы тыңдалады. Ал түстен кейін «Азаматтық қоғам» мен  «Экономикалық даму» мәселелері қаралады. Ал Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы 20 қаңтар күні жоспарланған.