Бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді

Бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаев елдің даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойын ортаға салады.

Ал күні кеше Ұлттық құрылтайдың секция отырыстары аяқталды. Бұған дейін басқосуда парламенттік реформа жайы сөз болып, ел экономикасын алға сүйрейтін тұщымды ойлар айтылды.

Аймақтарда кәсіпкерлікті дамытуға күш салу керек. Сондай-ақ мемлекет мезіретіне талдау жасап, тиімсіз шығынның жолын кесу маңызды, - деді қаржы саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандар.

Ерлан Саиров, Ұлттық құрылтай мүшесі:

 - Аймақтарда біз орта және кіші бизнесті дамытуымыз қажет. Өйткені халықтың негізгі бағыты ол материалдық құндылықтарды өндіру болу керек. Екінші үлкен мәселе - аймақтардағы кіші және орта бизнесті жаңа Салық кодексіне адаптация жасау. Яғни қазір аймақтарда оның мәнін түсінбей жатыр. Сондықтан мемлекеттік органдар осы аудандық деңгейде Салық кодексінің жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.