Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын спортшыларға Мемлекеттік туды тапсырды
Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды.
Биыл байрақты бәсекеге спорттың 10 түрінен 40-қа жуық атлет қатысады. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Президент жаһандық бәсеке зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ болады деп, спортшыларға зор сенім артты. Паралимпиадашылардың ерекше құлшынысы және мықты ерік-жігері көпке үлгі екеніне тоқталды. Сондай-ақ намысты қолдан бермеген спортшыларымыз елдің мерейін асырып, нағыз жасампаз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп жүргенін жеткізді. Ал Мемлекеттік ту Ұлттық құраманың мүшелері Денис Никиша мен Аяулым Әмреноваға және Қазақстан паралимпиадалық командасының мүшесі Ербол Хамитовке берілді. Оларға рәмізді Қасым-Жомарт Тоқаев табыстады.