Қ. Тоқаев Вьетнам компартиясы ОК Бас хатшысы То Ламды қайта сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.