Елде қызылша жұқтыру көбейді

Астанада қызылшаны жұқтыру жағдайы көбейді. Науқастардың дені - бала.

Дәрігерлер жұқпалы аурудың алдын алудың бір ғана жолы бар дейді. Ол - вакциналау. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, инфекцияның таралуын тоқтату үшін халықтың кемінде 95 пайызы екпе алуы қажет. Елде қызылшаға қарсы вакциналаудың Ұлттық күнтізбесі түзілді. Алғашқы доза бала бір жасқа толғанда, екіншісі 6 жаста салынады.