Еліміздің бірқатар өңіріне аяз келе жатыр
Астанада күн 1 градус шамасында жылы. Түнеукүнгі қарды коммуналдық қызмет әлі тазартып үлгермей жатыр.
Ал Абай, Павлодар облыстарының бірқатар аумақтарында бүгінде әредік бұрқасын соғып, қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал. Кеше Шығыста Қалбатау маңында жолдар жабылғанын ескерткенбіз. Өйткені боран. Жолда қалып, құтарушылардың көмегіне жүгінгендер бар. Бүгінде бірқатар өңірде жол жабық. Оңтүстікте де Арыстанды-Қарабас желі ызғырып тұр. Ендігі мәселе аяз келе жатыр. Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелген аудандарындада ауа темпертаурасы 26-28 градусқа дейін күрт төмендейді. Солтүстік Қазақстанда 30 градусқа жетеді. Қазір жылымық болып тұрған Астананың өзінде ертең түн ауа 22-24 градус, Ақмола обылсы бойынша 30 градусқа дейін аяз болмақ. Қарағанды өңірінде де осындай жағдай.