Президент АҚШ Елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы АҚШ елшісі Джули Стаффтты қабылдады.
Кездесуде тараптар Бейбітшілік кеңесі аясындағы қарым-қатынас перспективасы қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев аталған құрылым тұрақтылықты нығайтуға, бейбітшілік пен халықаралық диалогты ілгерілетуге арналған тиімді алаңға айналуы қажет деп санайды. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы екіжақты күн тәртібінің ауқымды мәселелері бойынша ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Өз кезегінде елші Президент Дональд Трамптың ризашылығы мен ізгі тілегін жеткізіп, Құрама Штаттардың Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жан-жақты дамытуға бейіл екенін айтты. Джули Стаффт елде жүріп жатқан саяси реформаларға оң баға беріп, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдумның табысты өтуіне тілектестігін білдірді.