Қ. Тоқаев Михаил Шайдоровты құттықтады

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы атануымен құттықтады.

Президент атлеттің отандық спорт тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет алтын медаль иеленуін тарихи маңызы зор жетістік ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровқа жоғары шеберлігі, жеңіске деген ерік-жігері үшін алғыс айтты. Барша спорт сүйер қауым мен ел азаматтары, спортшының айтулы жетістігін мақтан тұтатынын жеткізді. Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ жаттықтырушыларға, тиісті министрлікке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді. Ал Олимпиада чемпионына толайым табыс пен жеңіс тіледі.