Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесін көпжақты күш-жігердің әлеуетін арттыратын, заман талабына сай ұйым деп санайды. Оған бұрын-соңды болмаған бетбұрыс деп баға берді. 

Қазақ басшысы саммитті ұйымдастырғаны үшін АҚШ президенті Дональд Трампқа алғыс айтып, жиналған қауымға ілтипатын білдірді. Бұдан кейін Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында өтіп жатқан кездесу батыл әрі прагматикалық әрекеттер шешуші рөл атқаратын кезеңмен тұспа-тұс келіп отырғанын айтып, «Президент мырза, Сіздің жаһандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуді көздейтін айқын мұратыңыз бен көреген қадамдарыңыз еліміздің Бейбітшілік кеңесіне қосылуына түрткі болды», – деді.