Президент Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысты
Вашингтонда Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та осы жиынға қатысты.
АҚШ президентінің мұрындық болуымен өткен халықаралық жиынның басты мақсаты – Газада бейбіт өмір орнату. Осы орайда Дональд Трамп атындағы АҚШ-тың Бейбітшілік институтында 40-қа жуық елдің өкілдері бас қосты.