Президентке Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Шет мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Рамазан айының басталуымен құттықтап, Президентке жеделхат жолдап жатыр. 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына келіп түскен жазбаларда Мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, БАӘ президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент - БАӘ Премьер-министрінің орынбасары және Президент Әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Жабер ас-Сабах, Палестина Президенті Махмұд Аббас және басқалары құттықтады.