Еліміздің шығысында аяз күшейді

Ұлытауда жел күшейсе, Түркістанның оңтүстік бөлігіндегі таулы аудандарда жауын жауады.

Өзендердің деңгейі көтеріле түседі. Шымкентте де жаңбыр сіркірейді. Қазгидрометтің хабарлауынша, әсіресе Алматы маңында қауіп жоғары. Сәл тамшы тамса қар көшуі ықтимал. Ал Арқада аздаған қар жауып, сырма жүреді. Шығыста аяз күшейіп тұр. Семей, Өскеменде күн суық әрі жел де күшейді. Павлодарда таңертең мектеп оқушылары мен коллдеждің 1-2 курс студенттері қашықтан оқиды. Аймақта аяз 38 градусқа дейін көтерілуі ықтимал.