28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

28 ақпанда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында қар, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі.

Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман, жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

28 ақпанда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 28 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

28 ақпанда күндіз Абай облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, Аягөз ауданында екпіні 15-20 м/с.

28 ақпанда күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 41 градус қатты аяз күтіледі.

28 ақпанда Қызылорда облысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 28 ақпанда көктайғақ күтіледі.

28 ақпанда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

28 ақпанда түнде Қарағанды облысының солтүстік-шығысында қатты аяз 35 градус күтіледі.

28 ақпанда түнде Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Облыстың таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 28 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 28 ақпанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

28 ақпанда күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың орталығында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 28 ақпанда күннің екінші жартысында көктайғақ күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі.

28 ақпанда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман.

Риддер қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы бірінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Өскемен қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы бірінші дәрежелі ескертуі сақталады.

Семей қаласы бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы бірінші дәрежелі ескертуі сақталады.

2026 жылдың 28 ақпан – 2 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және жауын-шашынның түсуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты қарлы беткейлерге шықпаған жөн. 

28 ақпанда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, тау бөктерінде, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Алматы қ.: 28 ақпанда түнде кей уақыттарда қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 28 ақпанда түнде және таңертең қар, тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.