Елде күн райы күрт бұзылды

Тұман, көктайғақ, бұрқасын және қатты жел. Ел аумағындағы ауа райының қысқаша сипаты осы қазір. Салдарынан қатынас қиындады. 

Сондықтан көлік қаңтарылып, жолаушы аңтарылып қалмас үшін мамандар ескертулер мен ережеге бағынуға шақырады. Облыстарда қарлы боран болады. Жолға шықпас бұрын тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып, ақпарат алу қажет. Сақтансаң сақтайды. Ал жел екпіні 23 метр секундқа жетуі мүмкін. Соған байланысты бүгін екінші ауысымдағы 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқытылады. Күн райының кесірінен әуе рейстері де кешіктіріліп жатыр. Елордадағы әуежайда 11 бағыт бойынша кесте өзгертілді.