Қазақстанның төрт облысында қар жауады: жүргізушілерге ескерту жасалды
«ҚазАвтоЖол» Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында жаңбыр аралас қар жаууына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды 24KZ.
Ауа райына байланысты республикалық автожолдардың кей бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол тайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға және оқыс маневр жасамауға кеңес беріледі.
Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы тәулік бойы ақпаратты 1403 нөмірі арқылы алуға болады.