Ауа райы: елордада мектеп оқушылары сабақты онлайн оқиды

Кәрі құда қыстың әлегі басылар емес.

Арқада күн қақап тұр. Синоптиктер сынап бағаны 30 градусқа дейін төмендейді деп еді, сол болды. Бүгін елордада бірінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ қашықтан өтеді.  Колледждердің 1-2 курс студенттері де үйден оқиды. Аяздың үстіне қазір жел де үдеп тұр.