Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге ескерту жасалды
Бүгін Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында жаңбыр аралас қар және қар жауады деп болжанып отыр, деп хабарлайды «24KZ».
Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол жамылғысы тайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге барынша сақ болу, жол жағдайына қарай қауіпсіз жылдамдықты таңдау, көлік арасындағы қашықтықты сақтау және күрт маневр жасаудан аулақ болу ұсынылады.