Елде дауыс беру басталды

Бүгін жаңа Ата заңымыздың жобасы жалпыхалықтық референдумға шығарылды. Яғни ел тұрғындары өз таңдауын жасайтын кез келді.

Бұл үшін республика бойынша 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі құрылды. 12 млн-нан астам азамат дауыс беру құқығына ие. Әр өңірдегі жағдайды Орталық референдум комиссиясы бақылауда ұстайды. Жалпы алғанда бұл іске 70 мыңнан астам комиссия мүшесі жұмылады. Референдум - азаматтардың таңдауын білдіруге мүмкіндік беретін маңызды алаң. Ал оған қатысу - әр адамның құқығы.