Жаңа Конституция – ел дамуының кепілі

Қазақстан соңғы 7 жылда құқықтық реформалар бағытында едәуір жетістікке қол жеткізді. Атап айтсақ, Конституция толық жаңартылды.

Биылғы 15 наурызда өткен жалпыұлттық референдумда Конституциядағы өзгерістерге дауыс бергендердің 87 пайыздан астамы негізгі заңды қолдады. Ал құжаттың өзі 1 шілдеден күшіне еніп, ел дамуының ұзақ мерзімді бағдарларын айқындады.

Конституция мемлекеттік құрылым мен адам құқықтарын қорғаудың жаңартылған қағидаттарын қамтыған 11 бөлім, 96 баптан тұрады. Еліміздің басты құжатының преамбуласы да толық өзгерді. «Біртұтас Қазақстан халқы» деген тұжырым азаматтардың ортақтығын және байырғы қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің тарихи сабақтастығын айқындайды. Преамбулада Әділетті Қазақстан идеясы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, бірлік пен ынтымақтастық, білім, ғылым және инновация құндылықтары, сондай-ақ болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік пен табиғатқа ұқыпты қарау бекітілген.

Сондай-ақ оқыңыз: