Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті
Мемлекет басшысы Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге алғаш рет сапармен келген мәртебелі мейманға ерекше ілтипат білдірді.
Қазақ-түрік байланысы өзара сенім мен құрметке негізделгенін атап өтті. Бауырлас елмен дипломатиялық қатынас орнағанына 35 жылға жуықтаған. Қазіргі таңда қос мемлекеттің қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келеді. «Арамызда ешқандай түйткіл жоқ. 14 мамырда Президент Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді. Оның аясында Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің кезекті отырысы өтеді» , - деді президент. Әңгімелесу барысында екі елдің сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту жолдары талқыланды. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібі, инфрақұрылым, энергетика, логистика, агроөнеркәсіп кешені, білім және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.