Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді.
Тәжік басшысы Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Мемлекеттер басшылары қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін көтеруге келісті. Әңгімелесу барысында сауда-экономика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыру маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.