Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд халқын ұлттық мерекесімен құттықтады

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы жеделхатта Король күні мерекесінде көрініс тапқан ұлттық ынтымақ пен бірлік құндылықтарының арқасында Нидерланд алдағы уақытта да өсіп-өркендей беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды 24KZ. 
 
– Қазақстан – голландықтардың өнері мен мәдениетінде тамыр жайған қызғалдақтың түп отаны. Бүгінде ол халықтарымыз арасындағы достықтың символына айналды. Біз Нидерландпен арадағы уақыт тезінен өткен қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз әрі қос халықтың игілігі үшін түрлі саладағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілміз, – делінген хатта.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Виллем-Александрдың игі бастамаларына табыс, сондай-ақ Король отбасы мен Нидерланд халқына бақ-береке тіледі.