9 мамыр - Жеңіс күні

Бүгін Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 81 жыл.

Сұрапыл соғысқа қазақ даласынан 1 миллион 200 мың жауынгер аттанған. Соның тең жартысы елге оралмады. 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 110 майдангер 3 дәрежелі данқ орденімен марапатталды. Қан майданда ел қорғаған талай ердің тағдыры ұрпаққа өнеге. Жеңіс жолында жанын қиған боздақтардың ерлігі ел жадында мәңгі сақталады.